Шетелден келген азаматтар 3 күнге оқшауланады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
ҚР бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына осындай тармақ енгізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан аумағына шетелден келген ел азаматтары мен ықтиярхат иелері вакцина паспорты болмаса, 3 күнге оқшауланады. ҚР бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына осындай тармақ енгізілді, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының келген азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжат болмаған кезде ПТР-тест әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға 3 тәулікке дейін оқшауланады. Зертханалық тексеру үшін материал алуды медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманы жүзеге асырады», деп жазылған жаңа Қаулыда. 

Құжат бойынша, COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар адамға COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіліп, тиісті қолхат алынады. 

«COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесімен келген адамдар инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылады», деп жазылған Қаулы мәтінінде. 

Аталмыш қаулы бүгіннен бастап күшіне енді.

Новости партнеров