Алматыда коронавирус жұқтырған бір науқастың жағдайы ауыр – дәрігерлер

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус індетін жұқтырған 10 оқиға анықталып, расталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус індетін жұқтырған 10 оқиға анықталып, расталды. Бүгінгі күнге дейін 58 жағдай тіркелсе, оның екеуі емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, қаладағы жұқпалы аурулар стационарында 56 науқас бар, соның екеуі – бала.

Жаңадан анықталған 10 науқастың бесеуі 27 наурызда Санкт-Петербург – Алматы рейсімен, біреуі 26 наурызда Стамбул – Алматы, ал қалған екеуі Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген. Тағы екеуі індет жұқтырушылармен байланыста болған.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

«Жалпы, бүгінде ем-дом қабылдап жатқан 51 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Тек бір ересек науқастың жағдайы ауыр бағаланса, төрт емделуші орташа дәрежеде, оның ішінде бала да бар», - делінген хабарламада.

Провизорлық орталықтарда 854 адам бар, оның 86-сы бала.

Үй карантинінде 2037 адам жатыр.


Новости партнеров