Испанияда коронавирустың жаңа штаммын жұқтырған 4 адам анықталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Испания азаматтары мен тұрғындарын қоспағанда, Мадридке Ұлыбританиядан келушілерге кіруге тыйым салынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Испанияда коронавирустың жаңа штаммын жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа жасап. 

Сенбі күні таңертең Испания билігі Ұлыбританияда пайда болып, белсенді түрде тарап жатқан коронавирустың жаңа штаммын жұқтырудың алғашқы төрт жағдайы Мадридте анықталғанын хабарлады. Испания астанасының өңірлік әкімшілік өкілдері бұл жағдайлардың барлығы жақында Британиядан оралған адамдармен байланысты екенін айтуда. 

«Пациенттерде ауыр белгілер жоқ, біз бұл штаммның тез таралатынын білеміз. Бірақ одан да ауыр жағдай туғызбайды. Алаңдауға негіз жоқ», – деді Мадридтің Денсаулық сақтау қызметі директорының орынбасары Антонио Запатеро. 

Ол биліктің тағы үш ықтимал жағдайды тексеріп жатқанын атап өтті. Бірақ талдама нәтижелері келесі аптада белгілі болады. Испания азаматтары мен тұрғындарын қоспағанда, Мадридке Ұлыбританиядан келушілерге кіруге тыйым салынды. 

Сондай-ақ, Ұлыбританиядан Швецияға келген адамнан вирустың жаңа штаммы табылғаны туралы айтылды. Швед Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында көрсетілгендей, саяхатшы елге келгенде ауырып, оқшауланған. 

Nextstrain мониторинг сервисінің деректері бойынша, коронавирустың жаңа штаммы Дания, Аустралия және Нидерланд елдерінде тіркелген. Францияда да коронавирустың жаңа штаммы тіркелді. 

Еске салсақ, жақында Ұлыбритания коронавирустың жаңа штаммы анықталғаны жарияланды. 

Сонымен қатар, Қытай коронавирустың жаңа штаммы анықталған Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты.

Новости партнеров