COVID-19-бен ауырған науқастар маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында Қазақстанның профилактикалық медицина Академиясының президенті Алмаз Шарман айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Антиденелердің болуы науқастарға шараларды сақтамауға, маска тақпауға және қаш ықты сақтамауға құқық бермейді. Барлығы сақтық шараларын сақтау керек. Қайта ауыру қаупі бар болғандықтан емес. Әрине, иммундық қорғаныс, антиденелер пайда болады. Антиденелер ғана емес, сонымен қатар, жасушалық иммунитет дамиды, бұл иммунитеттің бір-екі жылға жететіні әлі белгісіз. Мүмкін, COVID-19 синдромымен иммунитет екі жылға жетеді, мүмкін одан да көп. Ғалымдар бұл мәселемен айналысуда, сондықтан нақты түсінік жоқ», – деп түсіндірді профессор.
А. Шарман COVID-19 науқастарына аурудың ағымына қарамастан – симптомдық, симптомсыз – маска тағуды жалғастыруды, қашықтықты сақтауды ұсынады.
«Егер сіз ауырмасаңыз, вирус мұрынға немесе ауызға түсіп, байланыста болған кезде одан әрі таралуы мүмкін. Сақтық шараларын сақтай отырып, сіз өзіңізді ғана емес, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдарды да қорғайсыз. Бұл басқалардың қауіпсіздігі туралы. Сондықтан мен барлығын сақтық шараларын сақтауды жалғастыруға шақырамын», – деп, А. Шарман қала тұрғындарына кеңес айтты.