|
29.12.2020 | 14:09
976

Теңіз кенішінде 86 жұмысшыдан коронавирус анықталды

Қазір үй жағдайында 286 адам емделуде

Теңіз кенішінде 86 жұмысшыдан коронавирус анықталды Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде тағы 86 жұмысшыдан қауіпті вирус анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өткен тәулікте 124 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР-тест арқылы расталған. 

«Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 29-ы Атырау қаласынан анықталып отыр. Теңіз кенішінде медициналық тексеріс кезінде 86 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 3, Қызылқоғада – 2, Мақатта – 2, Құрманғазы ауданында 2 адамнан Сovid-19 инфекциясы табылды. Коронавирустың симптомды түрі 16 науқаста бары белгілі болды», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. 

Өткен тәулікте 103 адам коронавирустан емделіп шыққан. Үй жағдайында 286 адам емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 117, ал аудандардағы стационарларда 31, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 574 адам ем-дом қабылдап жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир