Алматыда Halyk Arena кешенінде коронавирусқа ПТР-тест тапсыратын зертхана ашылады

Almaty.tv
Almaty.tv
«Нұрлы Тау» бизнес орталығындағы жылжымалы зертхана өз жұмысын жалғастыра береді, бірақ ол көліксіз жүрген науқастарға қолайлы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Halyk Arena кешенінде коронавирусқа ПТР-тестін жүргізуге арналған жылжымалы зертхана ашылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Нұрлы Тау» бизнес орталығындағы жылжымалы зертхана өз жұмысын жалғастыра береді, бірақ ол көліксіз жүрген науқастарға қолайлы.

Halyk Arena кешенінде астында көлігі барларға қосымша зертхана ашылады. Оның қашан ашылатындығы әлі белгісіз.

«Келесі аптадан бастап біз Halyk Arena кешенінде жұмыс істей бастаймыз, бірақ әзірге нақты күні белгісіз. Бізде реагенттер таусылып қалды, қазір тауар күтіп отырмыз. Қазір зертхана жабық, біз жұмыс істемейміз, өйткені біз тауар күтіп отырмыз», – дейді клиникадағылар.

Жақында Almaty және Halyk Arena кешендерінде коронавируспен ауыратын науқастарға арналған уақытша стационар ашылатындығы хабарланды. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қаладағы бос ғимаратарды тексеріп, осы кешенді санитарлық талаптарға сай деп тапқанын айтқан.

Новости партнеров