Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтен де коронавирус анықталды

Фото из открытых источников
Фото из открытых источников
Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтен де коронавирус анықталды,  деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ерлан Әукеновтің айтуынша, бірнеше күн бұрын COVID-19 індетінің алғашқы белгілері пайда болған соң, жұқтырып алдым ба деп күмәнданған екен. Ал 19 маусымда тест нәтижесінен анықталған.

«Мына вируспен ауырдым. «Жағымды» сезім емес. Тағы үш-төрт күн бұрын осыны бастан өткергендерден телефон арқылы жағдайын сұрағанмын. Ал бүгін жауабын өзімнен білемін. Мұнда әркімде әртүрлі екенін білу маңызды. Бүгін мен екі күн вагон түсіргендеймін немесе бірнеше гектар картоп еккендей боп тұрмын. Істеп көргендер түсінеді», – деп жазды ол.

Вице-министр COVID-19-ды кімнен жұқтырғанын білмейді. Ерлан Әукенов үйінде оқшауланды. Ол емделіп, онлайн жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Вице-министр коронавирус жұқтырғандарға сауығып кетуін тіледі.

Новости партнеров