Әлемде коронавирустық инфекцияны тасымалдаушылар саны 108 миллион 300 мыңға дейін өсті. 2 миллион 378 мың адам инфекциядан қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлемдік статистикаға сәйкес, Америка Құрама Штаттары COVID-19-қа қарсы вакцина дозасын толық алған адамдар саны бойынша көшбасшы болып табылады.
Одан кейін Израиль, Италия және Германия келеді. Құрама Штаттар шілде айының соңына дейін 300 миллион тұрғынға вакцина егуді көздейді. Вашингтон тағы 200 миллион дозада Bayontec/Pfizer және Modern вакциналарын сатып алу туралы келісімшарттарға қол қойды.
Ал, Еуропада соңғы бірнеше аптада коронавируспен сырқаттанғандар және өлім санының төмендеуі байқалады. Осыған қарамастан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары санға емес, әр елдегі белгілі бір эпидемиологиялық жағдайға сүйенуге шақырады. Бірақ, мамандарды белең алып бара жатқан коронавирустың жаңа штамдары алаңдатуда.