ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, COVID-19-ға қарсы белсенділігі жойылған Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қолданып, вакциналау жүргізуге рұқсат берілді.
Сондай-ақ бұл вакцинаның SARS-CoV-2, 19nCoV-CDC-Tan-HB02 штамынан жасалғаны, құрамында антибиотиктер мен консерванттар жоқ екені айтылған.
Вакцина 18 жастан асқан азаматтарға арналған. Вакцина екі бөліктен тұрады, әрқайсында 0,5 мл өнім болады. Екі бөлігін салдыру аралығы – 21-28 күн.
Вакцинаны кімге салдыруға болмайды:
• Вакцинаның кез келген компонентіне аллергия болса;
• вакцинаға аллергиялық реакциялар болса (жедел аллергиялық реакция, ангионевроздық ісіну, ентігу);
• бақыланбайтын эпилепсия немесе жүйке жүйесінің басқа да үдемелі аурулары, сондай-ақ анамнезінде Гийен-Барре синдромы болса;
• 18 жасқа толмаған адамдарға.
• Егер вакцинадан кейін жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болса, осы өнімді қайта пайдалануға тыйым салынады.
Вакцинаны қандай жағдайда сақтықпен қолдану қажет:
• жедел ауруы, созылмалы аурулардың өршуі және қызбасы бар пациенттерге;
• қант диабетімен ауыратын пациенттерге және анамнезінде немесе отбасы анамнезінде құрысулар, эпилепсия, энцефалопатия, психикалық аурулары бар пациенттерге;
• вакцинаны бұлшықетке енгізу кезінде пайда болуы мүмкін қан кету қаупіне байланысты қанның ұюының бұзылуы және тромбоцитопения бар пациенттерге;
• қатерлі ісік, нефроздық синдром, ЖИТС-пен ауыратын науқастар сияқты иммундық функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Құжат 12 тамыздан бастап күшіне енді.