Коронавируске шалдыққан әйелге жазаны сот тағайындайтын болады – полиция

Коронавируске шалдыққан әйелге жазаны сот тағайындайтын болады – полиция
Коронавируске шалдыққан әйел өзімен қарым-қатынаста болған адамдар туралы ақпарат бермей қойған.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирус ауруына шалдыққаннан кейін өзімен қандай да бір байланыста болғандар жайлы мәлімет беруден қасақана бас тартқандар енді жазаланатын болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұндай әрекет қылмыс деп саналады. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер хабарлады. Дәл осындай жағдай кеше орын алған. Коронавируске шалдыққан әйел өзімен қарым-қатынаста болған адамдар туралы ақпарат бермей қойған. Оған қатысты жазаны енді сот тағайындайтын болады.

«Алматы қалалық полиция департаменті коронавируспен ауырғандардың бірі – азаматша Б-ның санитарлық қызмет жұмысына кедергі келтіріп, вирусқа шалдыққаннан кейін өзімен байланыста болған азаматтардың мәліметтерін беруден қасақана бас тартқанын хабарлайды. Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабында (Санитарлық ережені немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) көзделген қылмыстың белгілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – деді Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Алматы қалалақ полициясы орын алған күрделі жағдайға байланысты азаматтарды қалалық қызметтерге коронавирус инфекциясын анықтау және алдын алу бойынша барынша жәрдем көрсетуге және жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

Новости партнеров