Карантин талаптарын қайта бұзғаны үшін нысанның қызметін сот тәртібімен тоқтата тұру мәселесі қаралады – Бекшин

ru.freepik.com
ru.freepik.com
Алматыда карантиндік шараларды сақтау үшін 26 мониторингтік топ жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Карантин талаптарын қайта бұзғаны үшін нысанның қызметін сот тәртібімен тоқтата тұру мәселесі қаралады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда карантиндік шараларды сақтау үшін 26 мониторингтік топ жұмыс істейді, олардың құрамында аудандық әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП өкілдері және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі аудандық басқармалардың мамандары бар.
Ж.Бекшиннің айтуынша, ағымдағы жылғы 8-18 қазан аралығында мониторингтік топтар кәсіпкерлік субъектілерін тексеру бойынша 1518 іс-шара өткізді, бұл қоғамдық тамақтану, сауда, қызмет көрсету нысандары. Тексеру қорытындысы бойынша 363 нысанда бұзушылықтар анықталды, маска режимін бұзғаны үшін 79 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Коронавирус инфекциясы бойынша тұрақсыз жағдайға қарамастан, 50-ден 100-ге дейін адам көп жиналатын салтанатты іс-шаралар жалғасуда. 14 қоғамдық тамақтану нысаны анықталды, онда әкімшілікпен және іс-шараларды ұйымдастырушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, содан кейін келушілер ол мекемелерден кетті. Аталған қоғамдық тамақтану нысандары бойынша әкімшілік шаралар қабылданатын болады. Қайталанған жағдайда аталған нысандардың қызметін сот тәртібімен тоқтату туралы мәселе қойылатын болады», – деп атап өткен қаланың бас санитар дәрігері тұрғындарды барлық сақтық шараларын сақтауға шақырды.


Новости партнеров