Алматыда коронавирус індетін жұқтырған 17 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бұл туралы қалалық қоғамдық Денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше қазір барлық 17 адаммен байланыста болғандар 14 күндік карантинге жатқызылған. Бүгінде 17 науқастың 14-і қалалық жұқпалы ауруханаларда ем қабылдап жатса, екі және бір баланың анасы балалар жұқпалы ауруханасында жатыр.
«Қала бойынша байланысушылар оқшауланған. Осылайша, қазіргі уақытта қалалық жұқпалы ауруханалар ауруханасында 14 науқас, балалар жұқпалы ауруханасында екі әжен бір баланың анасы емделуде. Олармен байланыста болған барлық адамдар 14 күндік карантинге орналастырылған. Стационарда припораттардың және қорғаныс, дезинфекция – барлық қажетті құралдарының қоры бар екенін атап өткім келеді» - қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.