Коронавирус жұқтырған әр адам 30-50 адаммен байланыста болған
liter.kz
Қазіргі уақытта оларды ауруханаға жатқызу жұмыстары басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қалада коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытында бірқатар жұмыс атқарылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Ауру жұқтырған адамдармен байланыста болғандарды анықтау белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Коронавирустық инфекцияны тасымалдаушы екені анықталғандардың әрқайсысы кемінде 30-50 адаммен байланыста болған. Оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл адамдар аталған инфекцияны белсенді тасымалдаушы болып саналмайды. Қазіргі уақытта оларды ауруханаға жатқызу жұмыстары басталды», - дейді Сәуле Қисықова Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34