Атырауда коронавирус жұқтырғандар арасында 4 бала бар
Атырау облысында бір тәулікте 25 адам коронавирус жұқтырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырау облысында бір тәулікте 25 адам коронавирус жұқтырды. Олардың арасында 4 бала бар, деп хабарлайды Аlmaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, өткен тәулікте 25 адамнан қауіпті індеттің белгісі табылған. Науқастардың арасында 4 бала бар.
«Аудандарда 8 науқас тіркелді. Мақат ауданында 11 жастағы ер бала, 4 және 9 жасар қыздардан, 62 және 57 жастағы әйелдерден коронавирус анықталды. Ал, Жылыой ауданында 7 жасар қыз бен 70 жастағы әйелден табылды. Исатай ауданының 62 жастағы тұрғынынан қауіпті індет тіркеліп отыр», -деп хабарлады жедел штаб.
Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 17 науқас анықталған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33