Елордадағы эпидемиологиялық жағдай тым нашарлап кетті

Almaty.tv
Almaty.tv
Соңғы 3 күнде күніне қала ауруханаларына 150-дей науқас келіп түсуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Сәуле Қисықова қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта елордада эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетті. 2020 жылдың 17 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында 2 951 коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелді. Вирусты жұқтырғандар саны өсуде», – деді Сәуле Қисықова ОКҚ брифингінде.

Ол дәрігерлерге, медбикелерге және коронавирус инфекциясымен жұмыс істейтін барлық басқа қызметкерлерге үлкен жүктеме түсіп жатқандығын айтты.

Сонымен қатар ол жедел медициналық жәрдем қызметіне түсетін қоңыраулар саны 3,5 есеге артып, 3 700-ге жеткенін, оның 2 мыңнан астамына қатысты шара қабылданып, жұмыс көлемі 2 есеге артқанын артты.

«Ауруханаға тек КВИ бойынша келіп түскен қоңыраулар саны соңғы тәулік ішінде 427-ге дейін, яғни 8 есе өсті. Өткен тәулікте жедел жәрдем тобы қызметіне 110-нан астам науқас жүгінген. Бақытымызға орай, жылдың басында біз елуден астам автокөлік сатып алдық, бұл қандай да бір жолмен жүктемені жеңілдетуге көмектесуде. Сонымен қатар, емханалар деңгейінде көліктер қосымша тартылды.Коронавирус мәселесі бойынша тұрғындармен байланысты күшейту үшін жедел жәрдем станциясының базасында қосымша байланыс орталығы құрылды», – деді бас санитарлық дәрігер.

Новости партнеров