Жаңадан тіркелген КВИ жағдайы бойынша не белгілі

16.04.2020 19:49

Соңғы дерек бойынша Қазақстанда тағы 14 адамнан инфекция анықталған

Фото Акорда

Жаңадан тіркелген КВИ жағдайы бойынша не белгілі? Бұл жайында ҚазАқпарат агенттігі жазды. 

Солтүстік Қазақстан облысы - 1 жағдай

1968 жылғы науқас СҚО Мамлют ауданында, Мамлютка қаласының тұрғыны

15 сәуірде РФ-ның СҚО, Мамлют ауданынан келген.

Науқас шетелден келгеніне байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық талдаулар алынды. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылған.

Қазіргі уақытта науқас бірінші қалалық аурухананың жұқпалы бөліміне жатқызылды.

Нұр-Сұлтан қаласы - 5 жағдай

Олар - 31 жастағы әйел, 1994 жылғы 2 қыз және 1995жылғы бір қыз. Барлығы да бұрын жұқтырғандармен жақын байланыста болды.

37 жастағы тағы бір әйел тексеріс барысында анықталды. Жаңадан жұқтырғандармен байланыста болған адамдарды іздеу жүргізілуде.

Шымкент қаласы - 3 жағдай

Барлық науқастар - Шымкент қаласының тұрғындары.

Тестілеу кезінде КВИ жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлерінің контингенті анықталды.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша КВИ диагнозы нақтыланды.

Батыс Қазақстан облысы - 5 жағдай

Бір науқас бұрын расталған науқастармен бірге РФ-дан вахтадан келді. Екінші пациент байланыста болғандар қатарынан анықталды. Қалған үш науқас РФ-дан келді. Олар "Тасқала"шекара бекетінде РФ-дан келгендерге мониторинг жүргізу арқылы анықталды.

Қазіргі уақытта барлығының жағдайы - қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті емдеу жүргізіледі.

Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар анықталады, медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.