|
19.04.2020 | 14:55
8172

Үшеуінің жағдайы өте ауыр: Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 513 адамға жетті

Қалада қауіпті вирусты жаңадан жұқтырған тағы 8 адам анықталды

Үшеуінің жағдайы өте ауыр: Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 513 адамға жетті Фото: ашық дереккөзден / открытые источники

19 сәуір күні Алматыда CОVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырудың 513-ші жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалада инфекцияны жаңадан жұқтырған 8 адам анықталды. Олардың 6-уы – Балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері, ал біреуі Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері және біреуі провизорлық стационарда карантинде емделіп жатқан, бұған дейін вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған пациент.

«Жалпы, инфекциялық стационарларда Алматы облысынан түскен бір әйелді қоса есептегенде, коронавирустан  427 адам ем алып жатыр. Қазіргі таңда 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 6-уының жағдайы ауыр, 121 адамның жағдайы ауырлықтың орташа дәрежесінде, қалғандары қанағаттанарлық жағдайда деп бағаланып отыр», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда коронавирустық инфекциядан жазылған 84 пациент емдеуден шығарылды.

Провизорлық госпитальдерде 278 адам, карантиндік оқшаулауда – 431, үй карантинінде 9687 адам жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир