Атырауда түнгі такси жүргізушілері жолға 5 мың теңгегеден алған

Фото Оперативный штаб Атырауской области
Фото Оперативный штаб Атырауской области
Такси қызметіне тыйым салынса да адам тасымалдаумен айналысқандар анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атыраулық таксистер түнде жүргені үшін 5 мың теңгеге дейін сұраған. Бұл туралы облыстың жедел штаб өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Жедел штаб пен полиция департаментінің қызметкерлері қаланы түнгі патрульдеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген заңбұзушылықты анықтады. Такси қызметіне ресми тыйым салынғанымен, тәртіп бұзушылар мобильді қосымшалар арқылы шақырулар қабылдап, адамдарды тасымалдаумен айналысқаны анықталды. 

«Мәселен, бір сапар үшін таксистер 3-тен 5 мың теңгеге дейін ақша сұраған. Сонымен қатар, рейд барысында құқық қорғау органдарына бағынбау, сондай-ақ автокөлікті мас күйде басқару деректері де тіркелген», - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің ақпаратына қарағанда, соңғы тәулікте ТЖ режимін бұзған 32 адам ұсталған, оларға қатысты 36 әкімшілік материал жиналды.

Новости партнеров