Айыппұл салу ешқандай нәтиже бермей тұр – Бекшин

Almaty.tv
Almaty.tv
8 қазаннан бастап Алматының әр ауданында құрылған мобильді топтар 1700-ге жуық нысанға тексеру жүргізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

8 қазаннан бастап Алматының әр ауданында құрылған мобильді топтар 1700-ге жуық нысанға тексеру жүргізіп, оның 406-сынан санитарлық заң бұзушылық фактілерін анықтаған. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ең біріншіден, көп адам жиналатын орындарға, қоғамдық тамақтану нүктелерінің жұмысына жіті көңіл бөлінуде. 1 аптаның ішінде карантин талаптарына бағынбаған 79 жеке тұлғаға айыппұл салынса, өткен демалыс күндерінің өзінде 14 шағын және орта кәсіпкерлік нысан иелеріне 660 мың теңгеге жуық айыппұл салынып, әкімшілік хаттамалар толтырылыпты.

«660 мың теңгеге жуық айыппұл салынады. Ал кейбір нысандарды біз есепке аламыз. Үнемі осындай заң бұзушылық жасаса, әрине, біз оларды сот арқылы объектілердің жұмысын уақытша тоқтатамыз. Айыппұл салу ешқандай нәтиже бермей жатыр», – деді қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Новости партнеров