Алматыда коронавирус жұқтырған 1 науқастың жағдайы ауыр

акимат Алматы
акимат Алматы
Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған 82 жағдай тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінге дейін Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған 82 жағдай тіркелді, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

7 адам 14 күндік карантинге жатып, аурудан айығып шықты. Олардың қатарында: төрт ер адам, екі әйел және бір бала бар. Қазір қалада жұқпалы аурулар ауруханасында 76 науқас емделіп жатыр. Оның біреуі Алматы облысының тұрғыны.

«Бүгінгі күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 76 науқас коронавирустан емделіп жатыр. Оның ішінде 2 бала бар. 66 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. 1 ересек науқастың жағдайы ауыр жағдайда қалып отыр. 3 ересек адамның жағдайы орташа дәрежеде, 2 жасар баланың жәй-күйі жақсарды. Қазір бұл эпидемия өршіп тұрған кезде ең дұрысы адамдардың өз отбасының қасында, үйінде үй карантин талаптарын орындаған дұрыс болады», –  деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.

29 наурызда Минск-Алматы рейсімен 3, 30 наурыз күні Ыстамбұл-Алматы рейсімен бес адам ұшып келген еді. Қазір олардың барлығы да карантинге жатқызылып, ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр. Бүгінде провизорлық орталықта 697 адам, екі күндік карантинде 1029 және үй карантинінде 3 мың 156 адам оқшауланған.

Новости партнеров