Елімізде және әлемде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-сұхбат барысында алматылықтарды алдын алу шараларын назардан тыс қалдырмауға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бірқатар шет елдерде жағдай нашарлады, бұл қауіпсіздік шараларын күшейтуге әкелді. Мәселен, Франция билігі 15 желтоқсаннан бастап эпидемиологиялық жағдайға байланысты коменданттық сағат енгізді; жаңа жыл қарсаңында елде коменданттық сағат жойылмайды. Грекия үкіметі жаңа жылдық мерекелерге қарсы шектеулердің өзгеруін жариялады, бұл аса қажетті тауарларды сатпайтын бөлшек сауда нүктелерінің жұмысын тоқтата тұруды ұзартты. 14 желтоқсаннан бастап Виргиния штатының билігі коменданттық сағат енгізеді. Ол кем дегенде қаңтар айының соңына дейін әрекет етеді.
«Алматылықтар санэпидқызметтер қабылдаған барлық шектеу шараларын сақтауы керек. Бірқатар елдерде аурудың кеңінен таралуын ескере отырып, шетелге сапарларды шектеу ұсынылады. Қаладан тыс жерлерге де бару ұсынылмайды, халықтың басым бөлігінде иммунитет пайда болғанын, жаппай вакцинация басталғанын күте тұрған дұрыс», – деді А. Қалықова.
Сонымен қатар, эпидемиолог коронавирустың тұмау және ЖРВИ сияқты маусымдық аурулармен қабаттасқан жағдайда аурудың қалай болатынын айтты.
«Тұмау, ЖРВИ және коронавирус аурулары қабаттасқан кездегі асқынулар ең ауыр болуы мүмкін. Вирустық инфекциялар адам ағзасының тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерінің зақымдалуымен байланысты күрделі асқынуларға ие екендігі белгілі, ал коронавирус тромбоздың пайда болуымен қанның ұюының жоғарылауымен де байланысты», – деді ол.
Алдағы мерекелерді ескере отырып, эпидемиолог тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды ұсынады.
«Біз қала тұрғындарын өз отбасылары мен туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамыз. Алдағы мерекелерде жаппай іс-шаралар мен қыдырулардан аулақ болуды, мерекелерді отбасыңыздың аясында ғана атап өтуді ұсынамыз. Өйткені, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген жақсы», – деді А. Қалықова.