Қостанай облысының әкімінен коронавирус анықталды
4News
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтен коронавирус анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Барлық сақтық шараларын ұстанғаныма қарамастан, соңғы тапсырған анализ COVID-19 диагнозын растады. Осыған байланысты мен өз-өзімді оқшаулап, қашықтан жұмыс істеуге көштім», – деп жазды ол.
Ол облыс тұрғындарынан қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтауды сұрайды.
«Кезекті рет жерлестерімді аймақта енгізілген шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Баршаңызға мықты денсаулық және бақ-береке тілеймін! Өздеріңізге қамқор болыңыздар!» – деп жазды Архимед Мұхамбетов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
22.11.2026 14:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.11.2026 09:12
Жауапкершілікті сезіне біліңіз: 21 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
21.11.2026 09:41
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
21.11.2026 16:54
Газдалған тәтті сусындардың адам ағзасына зияны қандай
22.11.2026 14:36