Алматыда ойын-сауық орындарының бірінде 80-ге жуық адам болғаны анықталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ойын-сауық иесі балаларға арналған аттракциондардың жұмысына тыйым салынғанынан бейхабар көрінеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алмалы ауданында карантин талаптарын өрескел бұзған ойын-сауық орталығы анықталды. Балалар ойнайтын алаңда 80-ге жуық адам жүрген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның көбі кішкентай балалар. Әлеуметтік ара қашықтық мүлде сақталмаған. Ата-аналар болса медициналық бетперденің өзін дұрыс тақпаған. Ережені ескермеген нысанға аудан әкімдігінің қызметкерлері келіп, хаттама толтырды. Анықталғаны кәсіп иесіне осыған дейін де ескерту жасалған екен. 

«Атриум сауда орталығында «Наследники» деген балалар аттракционы жұмыс істеп жатыр деді. Келу барысында факт дәлелденді. Шамамен 80 адамдай, бала ойнап жүр екен. Сонымен қатар, материалдар жиналып, СЭС-ке жіберіледі», – деді Алмалы ауданы кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Мақсат Бердиев.

Кәсіпкер тексеріс тобына ақталып әлек болды. Айтуынша, карантиндік норманы бұзбаған, келушілер тексерістен өтіп қана кіреді. Алайда ойын-сауық иесі балаларға арналған аттракциондардың жұмысына тыйым салынғанынан бейхабар көрінеді. 

Новости партнеров