Карантин режимін жеңілдеткен Оңтүстік Корея азаматтарды оқшаулаудың қатаң шараларына қайта оралады, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
Қазір бұл елде «әлеуметтік қашықтық» режимі іске қосылған. Ел астанасында карантиннен кейін жұмыс істеуге рұқсат етілген түнгі клубтар мен барлар қайта жабылады.
Сеул билігі соңғы уақыттарда коронавирусты жұқтырғандар санының едәуір артуына байланысты барлық көңіл көтеру орындарының жұмысын шұғыл тоқтату туралы шешім қабылдады.
24 сағат ішінде Итхэвон ауданында коронавирусты жұқтырған 18 адам анықталды. Сонымен қатар 17 адамның бәрі бір адамнан жұқтырғаны белгілі болды.
«Вирусты жұқтырған адаммен бір жарым мың адамға дейін
байланыста болуы мүмкін деп болжануда. Қала мэрі мамыр айының басында
Итхэвондағы клубтарға барғандардың барлығын коронавирусқа тест тапсырып, үйден
шықпауға шақырды. Оңтүстік Кореяда вирусты жұқтырғандар саны 11 мыңға жақындап
қалды», - делінген хабарламада.