Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген Covid-19 қарсы екінші вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтына тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Бұл әлдеқайда күрделі, генетикалық түрлендірілген, мүлдем зиянсыз және қауіпсіз, вирустың беткі ақуыздары негізінде жасалған суббірлікті вакцина. Яғни, вирустың беткі ақуыздарынан белгілі бір көлемде алынады және олардың негізінде суббірлікті вакцина дайындалады. Бұл вакцинаның заманауи нұсқасы. Мұның бәрі тез дайындалмайды, құжаттар ұзақ уақыт қарастырылады. Құжаттар бес-жеті күн бұрын ДДҰ-ға жіберілді, оларды кезекке қойып, зертханаларында тексерді. 31 шілдеде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қазақстандық екінші вакцинасы кандидаттық вакцина ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтында сәтті тіркелді», - дейді Күнсұлу Закарья.