Коронавирус: Ресейде қайтыс болғандар саны бойынша рекорд тіркелді
REUTERS
Пандемия басталғаннан бері Ресейде 1 326 178 адамнан коронавирус анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресейде бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша рекорд тіркелді. Бір тәулікте 244 адам коронавирустан қайтыс болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Мұндай көрсеткіш Ресейде соңғы рет 29 мамырда тіркелген болатын, ол кезде елде коронавирустан 232 адам қайтыс болған еді.
Соңғы тәулікте Ресейде коронавирус инфекциясының 13 868 жаңа жағдайы тіркелсе, 7550 адам жазылып шыққан.
Пандемия басталғаннан бері Ресейде 1 326 178 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 22 966 адам қайтыс болды, тағы 1 031 785 адам сауығып кетті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
10.10.2026 12:53
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
10.10.2026 09:10
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
10.10.2026 09:54
Қан қысымын төмендетуге көмектесетін жеміс аталды
09.10.2026 12:17