Министрлік бетпердеге қатысты ұсыныс жайлы: айыппұлды азайту талқыланып жатқан жоқ

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Рустам Жүрсіновтің маска кимегендерге айыппұл сомасы 2700 теңгеге дейін азаюы мүмкін деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әділет министрлігінің өкілдері бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсіновтің маска кимегендерге айыппұл сомасы 2700 теңгеге дейін азаюы мүмкін деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабында көзделген маска кию режимін бұзғаны үшін қолданыстағы айыппұл санкциялары өз күшінде, мемлекеттік органдар оның мөлшерін азайтуды талқылап жатқан жоқ», – деді министрлік өкілдері.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда маска режимін сақтамағаны үшін айыппұл 83 340 теңгеден 2 778 теңгеге дейін азаюы мүмкін екені хабарланған еді.