5824 адам коронавирус індетінен жазылып шықты – БҚО

coronavirus2020.kz
coronavirus2020.kz
Соның 3283-інде ауру белгілері анық байқалса, 3407-сінің ешқандай симптомдары жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысында 5824 адам коронавирус індетінен жазылып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, өңірде күні бүгінге дейін 6690 науқас тіркелді. 

Соның 3283-інде ауру белгілері анық байқалса, 3407-сінің ешқандай симптомдары жоқ. 

Облыста 5824 адам емделіп шықса, өкінішке қарай, 86 науқас көз жұмды. 

1-23 тамыз аралығында 444 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелсе, соның ішінде 287-сі (64,6 пайыз) ЖРВЖ белгілерімен дәрігерге жүгінген. 78 науқас (17,5 пайыз) – бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болғандар. 57 емделушіден (12,8 пайыз) профилактикалық мақсатта, 22-сінен (4,9 пайыз) эпидемиологиялық қадағалау бойынша сынама алынған. 

23 тамыз күні облыста 13 адамның ауырғаны анықталса, олардың бәрі де – Орал қаласының тұрғындары. Бұл күні облыс аудандарында дерт тіркелген жоқ. 

Сырқаттанушылар да кеміп, өсім кеше 0,1 пайызды көрсетті. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда коронавирусқа шалдығу көрсеткіші төмендегенін, БҚО әкімінің грантын иеленген жастардың дені болашақ дәрігерлер екендігін жазған болатынбыз.

Новости партнеров