Түркия коронавирус індетінің шарықтау шегінен өтті

baq.kz
baq.kz
COVID-19 індеті Түркияда алғаш рет 10 наурызда тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Тұтас Еуропа бойынша Түркия COVID-19 вирусынан қаза болғандар саны ең төмен ел, деп хабарлайды Baq.kz.

Түркия коронавирус індетінің шарықтау шегінен өтті, деп мәлімдеді Milliyet елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Еуропа бойынша Түркия COVID-19 вирусынан қаза болғандар саны ең төмен ел.

Еуропа елдері арасында коронавирус салдарынан болған өлім-жітім деңгейі ең төмен көрсеткіш Түркияда. Елдегі індеттің шарықтау шегі өтті. Шектеу шаралары сақталса, науқастар саны мамыр айының соңына дейін өспейді деп отырмыз, - деді Түркия денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Кожа.

Министрдің айтуынша, вирус жұқтырғандардың шамамен 60%-ы Ыстамбұлда тұрады. Жиырма миллион тұрғыны бар мегаполисте коронавирустың таралуын тежей алу - биліктің үлкен жетістігі. Сондай-ақ, елде вирус жұқтырғандардың шамамен 6% -ы медицина қызметкерлері.

COVID-19 індеті Түркияда алғаш рет 10 наурызда тіркелді. Ал, 24 сәуірде вирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты.


Новости партнеров