|
08.07.2020 | 23:52
6196

Коронавирустың алдын алуда С дәруменін ішудің әсері қандай

Коронавирус індеті кезінде вирусқа қарсы препараттар жазылады

Коронавирустың алдын алуда С дәруменін ішудің әсері қандай inbusiness.kz


Коронавирус инфекциясынан қорғану үшін С дәруменінің көп дозасы тағайындалған жағдайда, бүйрек ауруларының, несеп-тас ауруы күшеюі мүмкін. Ол туралы медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Маман егер дене қызуы 38 градустан асқанда, бұлшықет ауырып, әлсіздік байқалса, бас ауырып, жөтел пайда болса, кеуде тұсы ауырса дәрігерге жүгініп, өкпе қабынуының алдын алу керек деп кеңес береді. Ол үшін көкірек қуысына рентгенологиялық зерттеу немесе компьютерлік томография жүргізіледі.

«Коронавирус инфекциясының симптомы аз немесе симптомсыз науқастар үйде емделуі керек. Әрине, олар өздігінен ем қабылдап жатыр және дәрігерлер мұндай науқастардың ем-домын реттеп отыруы керек. Коронавирустың симптомы аз түрі патогенетикалық емдеуді, дәлірек айтқанда вирусқа қарсы, антибактериялық, тромбқа қарсы препараттар тағайындауды қажет етпейді. Мұндай пациенттер емдеу-сақтану режимінде ақуызы көп тамақ жеп, сұйықтықты көп ішуі керек. Оларға С, Д дәрумендері және дене қызуы көтерілген жағдайда парацетамол, ибупрофен сынды қызу түсіретін дәрілер тағайындалады», – деді медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева.

Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы № 5 қалалық емхананың бас дәрігері Алтыншаш Табулдина науқастар қандай симптом болғанда тегін дәрі-дәрмек ала алатыны туралы айтты. Бұл ретте препараттарды алу үшін учаскелік дәрігердің онлайн-кеңесі арқылы немесе дәрігерлердің мобильді бригадалары үйге келіп тексерген соң берілетін медициналық қорытынды қажет.

«Жұмыс күні ішінде біз емдеуге жатқызылатын пациенттердің көрсеткіштерін жібереміз. Олар әр түрлі: орташа дәрежеден сатурацияны азайту көрсеткіштері жеткілікті, ауыр патологиясы бар созылмалы науқастар, және тиісінше әр түрлі деңгейдегі стационарлар. Сондықтан ахуалдық орталық ауруханаға жатқызу жұмысын үйлестіреді», – деді қалалық № 5 емхананың бас дәрігері Алтыншаш Табулдина.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир