|
18.04.2021 | 15:19
4417

Алматыда ақпан айынан бері 131 434 адам вакцина алған

Бүгінгі таңда 203 вакцинация пункті жұмыс істейді

Алматыда ақпан айынан бері 131 434 адам вакцина алған Almaty.tv

2021 жылдың 17 сәуіріндегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 677 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 577-і симптомдық белгілері бар және  120 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бір тәулік ішінде  – 392 науқас қабылданды, барлық стационардан 198 науқас шығарылды.

Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 868 адам (101 бала) орналасқан, оның ішінде ересектер аса ауыр – 883, ауырлығы орташа дәрежеде – 2 983.

Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жалпы –  258 (бос  төсек-орын саны – 192).

ӨЖЖ – 23, инвазивті емес ӨЖЖ – 85, High flow-да 91 аппарат жұмыс істейді.

6 328 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 522 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 806 симптомсыз.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  5 335 адам вакцинация алды.

01.02.2021-16.04.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы  131 434 адам вакцинацияланды.

Бүгінгі таңда  203 вакцинация пункті жұмыс істейді, 406 вакцинация бригадасында 1 809 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

13 сәуір күні Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында және 15 сәуірде Наурызбай ауданындағы «Таусамалы» базарында вакцинация пункті  өз жұмысын бастады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир