17 сәуірге қараған түні Алматыда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша қолданыстағы шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша 40-қа жуық мониторинг топтар жұмыс істеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр, кәсіпкерлік субъектілерінің карантинді бұзуына жол бермеу жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қолданыстағы карантин шаралардың ұзартылғанына қарамастан, кейбір мекемелер бас санитар дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды елемей отыр.
Биыл 16 сәуірден 17 сәуірге қараған түні белгіленген шектеулердің 16 бұзушылығы анықталды. Анықталғандардың жалпы санынан: 12 нысан мейрамханаларға, дәмханалар мен дүкендерге, 1-і компьютерлік клубқа, 1-і караокеге, 1-і саунаға, 1-і түнгі клубқа жатады. Барлығы 101 жеке тұлғаға айыппұл салынды.
19 наурызы мен 17 сәуірі аралығында белгіленген шектеулердің 591 бұзушылығы анықталды, соның ішінде:
Анықталған объектілердің жалпы санынан – 404-і мейрамханалар, дәмханалар мен дүкендерге, 82-сі компьютерлік клубқа жатады. 13 бильярд клубы, 40 СПА-салон, 22 сауна, 2 кальян бар, 13 караоке клубы, 5 лото клубы, 1 букмекерлік кеңсе, 10 түнгі клуб. 3069 адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Анықталған бұзушылықтар арасында:
- Медеу ауданында «Мята» лаундж бары қызмет еткен, онда 50-ге жуық адам болған (16-нан 17-сәуірге қараған түні);
- Алмалы ауданында «Любимый» караокесі қызмет еткен, онда 60-қа жуық адам болған (16-нан 17-сәуірге қараған түні);
- Бостандық ауданында «Nebar» лаундж бары қызмет еткен, онда 40-қа жуық адам болған (16-нан 17-сәуірге қараған түні);
- Медеу ауданында «Персона» түнгі клубы жұмыс істеген, онда 60-қа жуық адам болған (16-нан 17-сәуірге қараған түні);
- Медеу ауданында «ZQVADRAT» лаундж бары жұмыс істеген, онда 40-қа жуық адам болған (15-нен 16-cәуірге қараған түні);
- Бостандық ауданында «Мята» бары жұмыс істеген, онда 40-қа жуық адам болған (15-нен 16-cәуірге қараған түні);
- Алмалы ауданында «Гранд опера» ресто-бары қызмет еткен, онда 60-қа жуық адам болған (15-нен 16-cәуірге қараған түні);
- Бостандық ауданында «Шуша» караоке бары жұмыс істеген, онда 20-ға жуық адам болған (13-нен 14-сәуірге қараған түні);
- Медеу ауданында «Мята» бары жұмыс істеген, онда 30-ға жуық адам болған (13-нен 14-сәуірге қараған түні);
- Алмалы ауданында «Lord game» компьютерлік клубы жұмыс істеген, онда 60-қа жуық адам болған (13-нен 14-сәуірге қараған түні);
Қала тұрғындары тарапынан құқық бұзушылықты азайту үшін әкімдіктердің қызметкерлері, жергілікті полиция қызметкерлерінен құралған мониторингтік топтардың өкілдері қала тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олардан түнде мекемелерге бармауды сұрайды.
Кәсіпкерлік нысандарын тексерудің бес талабы бойынша келесі пункттерде бұзушылықтарды анықтайды: жұмыс режимі; отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуді шектеуге қойылатын талаптар; әлеуметтік қашықтық; бетперде режимі.
Осындай бұзушылықтардың бірі анықталған жағдайда мекеме иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырылады.