Қазақстанда 25 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Шымкент қаласында - 4, Қызылорда облысында - 8, Қарағанды облысында - 2, Батыс Қазақстан облысында - 4, Ақмола облысында - 2, Түркістан облысында 3 адам бар. Бұл туралы туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еліміз бойынша қауіпті індеттен жазылғандар саны 629 адамға жетті:
Нұр-Сұлтан қаласы – 213
Алматы қаласы – 90
Шымкент қаласы – 22
Ақмола облысы – 30
Ақтөбе облысы – 10
Алматы облысы – 9
Атырау облысы – 35
Шығыс Қазақстан облысы – 5
Жамбыл облысы – 42
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 36
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 73
Маңғыстау облысы – 4
Павлодар облысы – 2
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Түркістан облысы – 24.