|
23.01.2021 | 15:21
920

Шетелден ұшып келген 2 жолаушыдан коронавирус анықталды

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде

Шетелден ұшып келген 2 жолаушыдан коронавирус анықталды Фото: rbc.ru

2021 жылдың 22 қаңтарында ҚР аумағына Германия, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді. 1944 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 604 адам, анықтамасыз 340 ҚР азаматтары келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның ішінде: 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 688 жолаушы, анықтамамен - 596; анықтамасыз - 72; 

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 084 жолаушы, анықтамамен - 865, анықтамасыз - 219; 

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 46 жолаушы анықтамамен келді; 

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы, анықтамамен - 97, анықтамасыз - 49.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 21 қаңтарында анықтамасыз келген 417 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, екінші жолаушы Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир