Halyk Bank медициналық қызметкерлерге 100 миллион теңге бөлді

17.03.2020 в 20:26

Қаржы мекемесі барлық қазақстандық компанияларды медициналық қызметкерлерге қол ұшын созуға шақырады

freedom24.kz

Halyk Bank Covid-19 коронавирус індетімен күресіп жатқан ақ халаттыларды қолдауға 100 миллион теңге аударды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Банк тәулік бойы, дамыл таппай еңбек еткен дәрігерлердің жұмысын бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, қаржы мекемесі барлық қазақстандық компанияларды медициналық қызметкерлерге қол ұшын созуға шақырады. Қаржылай қолдау үшін арнайы шот ашылған.