АҚШ-тың Калифорния штатында адамдарға үйден шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Туысқандармен кездесіп, себепсіз көшеге шығуға да болмайды. Көптеген кәсіпкерлік нысандар жұмысын тоқтатты. Айта кетейік, осы елдің бұрынғы президенті Дональд Трамптың жеке адвокаты Руди Джулиан коронавирус жұқтырып, ауруханаға жеткізілді. Ол соңғы күндері көпшілік жерде маскасыз жүрген еді.
Ал Швейцария билігі халыққа вакцина егуді жоспарлап отыр. Осыған дейін бұл мемлекет басшылығы коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын екі әлемдік компаниямен келісімшарт жасасқан болатын. Осы жолы да басқа өндірушімен уағдаласыпты. Соған қарағанда COVID-19-ға қарсы нақты дәрі әлі табылмаған секілді.
Еске салайық, осы күні жаһан жұртының 67 миллионнан көбі аталған ауруға шалдыққан. 1 жарым миллионнан астам науқас көз жұмды. Коронавирусқа қатысты жағдай да мәз емес. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтап, көпшілік жерде маска тағып, ара қашықтықты ұстанып жүрейік.