Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мегаполисте қалыптасып жатқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айтуынша, қалада коронавирус індетін жұқтырған 16 534 жағдай тіркелген (100 мың тұрғынға шаққанда 828,13), соның ішінде 10 004-і симптомды, ал 6530-ы симптомсыз. 06.12.2020 КВИ жұқтырған 67 жағдай тіркелді. Соның ішінде 53 жағдай симптомды, 14 жағдай симптомсыз. Пневмониямен ауырған 6 жағдай тіркелді. Бүгінде бұл сан 1199-ға жетіп, жағдай өсуде.
«Алматы қаласы 2 желтоқсаннан бастап жасыл аймаққа енді. Жағдай қараша айында коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін факторларды бейтараптандыру, қолданыстағы карантиндік шараларды сақтау және олардың сақталуына бақылауды күшейту арқылы тұрақтандыруға мүмкіндік болды», – деп атап өтті Алматы әкімі Б. Сағынтаев.
Алматы қаласында КВИ ауруының өсуі қазан айында басталды. Егер қыркүйек айында жұқтырушылар саны 165 жағдайды көрсетсе, қазан айында қауіпті індетке шалдыққандар саны 366-ға жетті. Ағымдағы жылдың қараша айында 1399 жағдай тіркелді, қазан айымен салыстырғанда ауру жұқтырудың 3,8 есе өсуі байқалады.
Тәуліктік өсім – 0,4%,
репродуктивті саны – 0,98.
Қараша айының қорытындысы бойынша КВИ-дің әрбір жағдайын эпидемиологиялық тексеру:
Халықтың КВИ-ге неғұрлым бейім контингенттері – 20-дан 60 жасқа дейінгі азаматтар, олар қараша айында науқастардың 60%-дан астамын құрады:
- 14 жасқа дейін – 9% (126 жағдай);
- 15–19 жас – 4% (54);
- 20–39 жас – 32% (451);
- 40–59 жас – 29% (408);
- 60 жастан жоғары – 26% (360).
КВИ жұқтырудың негізгі ортасы:
ауру жұқтырушының отбасы мүшелерімен байланысы – 35% (491 жағдай); науқаспен жұмыс немесе оқу орны бойынша байланыс – 3% (37 жағдай); шет елдерден және ҚР өңірлерінен әкелу – 6% (78 жағдай).
Инфекцияны жұқтырудың ықтимал орындары: дүкен, дәріхана, СОО-ға, қоғамдық тамақтану орындарына бару – 22% (306 жағдай); базарға бару – 12% (167 жағдай); медициналық ұйымдарға бару – 6% (80 жағдай);
қоғамдық көлікті пайдалану – 16% (228 жағдай); отбасылық іс-шараларға қатысу 1% (12 жағдай).
Халықтың КВИ жұқтыру орындарының егжей-тегжейлі құрылымында сырқаттанған адамдардың қоғамдық орындарға келуінің үлес салмағы басым – сауда үйлері, дүкендер, базарлар – 34%; үй ошақтарындағы отбасы мүшелерімен байланыс – 35%,
қаладағы қоғамдық көлік – 16%,
медициналық ұйымдарда байланыс – 6%, сондай-ақ шет елдерден және ҚР өңірлерінен әкелу – 6%, жұмыспен қамту орны – жұмысы, оқуы) бойынша – 3%.