|
02.04.2020 | 15:41
1179

Аустралия ғалымдары екі вакцинаны сынақтан өткізіп жатыр

Вакцина жануарларға тестілеу моделін де қамтыған алғашқы кешенді зерттеу болады

Аустралия ғалымдары екі вакцинаны сынақтан өткізіп жатыр amp.politeka.net

Аустралия ғалымдары коронавирусқа қарсы екі вакцинаны тестілеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оксфорд университеті мен америкалық Inovio Pharmaceutical компаниясы шығарған вакцинаны жануарларға тестілеуге рұқсат берді. Ал Аутралияның ұлттық ғылым агенттігі вакцинаны бағалап, адамға қауіпсіздігін анықтайтын болады.

«Өткен айда АҚШ-та вакцина адамға сыналған еді. Ол кезде жануарларға тестілеу сатысы кейінге қалдырылған болатын. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде басқа да вакциналар жасалып жатыр», - деп жазады автор.

Мақалада айтылғандай, Аустралиядағы сынақтан өткізіліп жатқан вакцина жануарларға тестілеу моделін де қамтыған алғашқы кешенді зерттеу болады.

«Негізінен, вакцинаның толық дайын болуы үшін 1 жылдан екі жылға дейін уақыт кетеді. Бірақ біз бұл уақытты бірнеше айға қысқарттық», - дейді ғалымдар. Олардың айтуынша, жануарларға жасалған тестілеудің нәтижелері маусым айында белгілі болады.


Таиланд шетелде қалған азаматтарын елге кіргізбеуге шешім қабылдады

42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны алу жолы жеңілдеді


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир