Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов және аталмыш ведомствоның вице-министрі Ажар Ғиният «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды. Екпе денсаулық сақтау саласының жауапты басшыларына елордадағы №6 қалалық емханада жүргізілді. Шенеуніктерге вакцина егу республикалық «Хабар 24» телеарнасында тікелей эфир арқылы көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Пациенттер вакцинаның алғашқы дозасынан кейін еш шағымы жоқтығын айтты. Еске сала кетсек, Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 1 ақпанда салдырған еді.
«Жағдайымыз жақсы. Ешқандай жанама әсерін көріп тұрғанымыз жоқпыз... Елімізде 19800 адамға осы ресейлік «СПУТНИК-V» вакцинасының бірінші екпесі салынды. Қазіргі таңда екінші екпесі бүкіл елімізде медициналық қызметкерлерге салынып бастайды. Бүгіннен бастап», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.