22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 10 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
1 759 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 610 адам, анықтамасыз 149 ҚР азаматы келген.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 381 жолаушы, анықтамамен - 1 239, анықтамасыз - 142;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 378 жолаушы, анықтамамен - 371; анықтамасыз - 7.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2020 жылдың 21 желтоқсанында анықтамасыз келген барлық 78 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.