Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор екінші рет COVID-19 жұқтырғанын айтты , деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Мексика басшысы Twitter-де аурудың жеңіл түріне шалдыққанын және қалпына келгенге дейін оқшау күйде жұмыс істейтінін мәлімдеді.
"Симптом жеңіл болғанымен, оқшауланып, тек кеңсе жұмысымен айналысамын. Виртуралды түрде қарым-қатынас жасаймын", - деп жазды саясаткер.
Сонымен қатар ол өзін баспасөз конференцияларында және басқа да іс-шараларда елдің ішкі істер министрі Адан Аугусто Лопес Эрнандес алмастыратынын айтты. Алғаш рет Обрадор 2021 жылдың қаңтарында коронавирус жұқтырған болатын.
Informo a ustedes que estoy contagiado de #COVID19 y aunque los síntomas son leves, permaneceré en aislamiento y solo realizaré trabajo de oficina y me comunicaré de manera virtual hasta salir adelante.
— Andrés Manuel (@lopezobrador_) January 11, 2022