|
06.04.2020 | 15:45
5175

Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған

Ақ халаттының сөзінше, елімізде тіркелген жағдайдың 85 пайызы жеңіл және симптомсыз өтіп жатыр

Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған Фото из открытых источников

Қазақстанда 120 дәрігер коронавирус жұқтырған. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгінгі таңда медицина қызметкерлері арасында барлығы 120 науқас тіркелген. Олардың арасында 67 дәрігер коронавирус инфекциясына күдікті немесе ауырған адамдарға медициналық көмек көрсеткен. Бір науқастың жағдайы ауыр, тоғыз адамдікі орташа. Ал қалған 57 адамда індет жеңіл және симптомсыз өтуде», – деді  ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА.

Ақ халаттының сөзінше, елімізде тіркелген жағдайдың 85 пайызы жеңіл және симптомсыз өтіп жатыр. Анықталғаны, 16 науқастың жағдайы ауыр деп бағалануда. Бұл Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысындағы науқастар екен. Бұдан бөлек, Айжан Есмағамбетова бүгінде коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 17 мың адам анықталғанын айтты. Олардың 10 мыңы үйлерінде оқшауланған. Осы ретте Қазақстан 96 мың тест сатып алған екен. Экспресс-талдаулар Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында жүргізілетін болады. Тәулігіне мыңға жуық адамды тексеру көзделіп отыр. Бас санитарлық дәрігер кімдерден талдама алынатынын айтты.

«Бірінші кезекте, медициналық қызметкерлер, жедел жәрдем қызметінің мамандары, жіті респираторлық инфекцияның белгілері бар, бірақ ауруханаға жатқызылмағандар, коронавирусқа шалдыққандармен тікелей байланыста болғандар. Автоөткел, теміржол өткелінен өтетіндер, төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған мамандар, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері тексеріледі», – деді  ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир