Коронавирус жұқтырғанын естіген дәрігер өзіне қол жұмсады
stan.kz
Бұл туралы Le Parisien басылымы жазыпты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Францияда коронавирусқа шалдыққан дәрігер өзіне қол салды, деп хабарлайды Stan.kz.
Француз басылымының мәліметінше, "Реймс" футбол клубының дәрігері Бернар Гонсалес коронавирусқа жасатқан сынамасының нәтижесі оң болып шыққаннан кейін өзін қол жұмсапты. Бұл туралы ол өлер алдында хатында жазған көрінеді. Десек те Реймс қаласының мэрі хатты жариялаудан бас тартқан.
Дәрігердің жасы 60-та болған. Ол әйелімен бірге өз үйінде оқшауланыпты. Қазіргі таңда оның жарының да коронавирус жұқтырғаны анықталыпты.
Еске салайық бұған дейін Италияда медбике коронавирус жұқтырғанын білген соң, өзіне қол жұмсағаны айтылған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41