Бекшин тұрғындарға үндеу жолдады

Управздрав Алматы
Управздрав Алматы
Бүгінге дейін мегаполисте жалпы коронавирус инфекциясының 14607 оқиғасы тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда эпидемиологиялық жағдай шиелінесе түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, оған халықтың салынған тыйымға қарамастан жаппай той тойлауы басты себеп. Өйткені көпшілік жиналған жерде қауіпті індетті жұқтырудың қаупі жоғары. Оның үстіне, мерекелік шара тез бітпейтіндіктен, жабық нысанда қонақтар ұзақ отырады. Бүгінде мониторинг топтары түнгі уақытта рейд өткізіп жүр. Нәтижесінде бірқатар көңіл көтеретін орындар мен клубтардың жұмыс істегені анықталды. Сондай-ақ, қоғамдық көлікте маскалық режимнің сақталмайтыны тағы бар деді Жандарбек Бекшин.

«Біз маскалар мен қолғаптарды кию режимін сақтауды талап етеміз. Үшінші себеп – ұйымдарда коронавирус жоғары тіркелуі кездесуде. Қызметкерлердің көп жиналуын төмендету және жұмыста да, жұмысқа барар жолда да байланысты шектеу үшін, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету үшін обьектілерін қоспағанда, қызметкерлердің 30 пайызы қашықтан жұмыс режиміне көшірілуі қажет», – деді қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин.

Новости партнеров