Алматы қаласының жергілікті полиция қызметінің өкілі Берлік Молдыбаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында карантиндік шараларды бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері белгілеген карантин нормаларын бұзатын бизнес нысандарын анықтау бойынша іс – шаралар күшейтілген режимде жүргізілуде», – деді Б. Молдыбаев.
13-14 наурызға қараған түні белгіленген шектеулерді бұзған 46 жағдай анықталды, оның ішінде:
Алатау ауданында – 2 дерек,
Алмалы ауданы – 15,
Әуезов ауданы – 4,
Бостандық ауданы – 8,
Жетісу ауданы – 1,
Медеу ауданына – 11,
Наурызбай ауданына – 1,
Түрксіб ауданы – 4.
Анықталған нысандардың 33-і мейрамханалар мен кафелерге, 4 компьютерлік клубқа, 5 СПА салонына, 2 түнгі клубқа жатады. Негізінен жұмыс уақыты, адам санының толуы, сондай-ақ маска режимі бойынша шектеулер бұзылды.
Олардың ішінде:
- Алмалы ауданында «Форт Верный» кафесі жұмыс істеді, онда 60-қа жуық адам болды;
- Алмалы ауданында «Гранд опера» түнгі клубы жұмыс істеді, онда 100-ден астам адам болды;
- Бостандық ауданында 80-ге жуық адам келген «Nino» мейрамханасы жұмыс істеді;
- Бостандық ауданында Розыбакиев көшесі, 234 мекенжайындағы «Жесть» түнгі клубы жұмыс істеді, онда 100-ден астам адам болды;
- Бостандық ауданында «Vivaldi» караоке жұмыс істеді, онда 70-тен астам адам болды.
Мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда.
Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қала тұрғындарын ерекше қажеттіліксіз қоғамдық орындарға бармауға және алдын алу шараларын күшейтуге шақырады.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы тәулікте Алматыда коронавирустық инфекцияның 360 жағдайы тіркелген. КВИ бар 14 адамның жағдайы өте ауыр, 131 адамның жағдайы ауыр.
ӨЖЖ – де 7 пациент, инвазивті емес ӨЖЖ-де 19 пациент бар. Жұқтырудың ықтимал орындары қоғамдық орындар – 42,8%; қоғамдық көлік – 17% болып табылады.