Атырау облысында 12 күнде 1000-ға жуық адам екпе алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, 1-12 ақпан аралығында 983 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған.
«Оның ішінде аудандардағы емдеу мекемелерінің 273 қызметкері бар. Қалғаны – Атырау қаласында екпе алғандар. Вакцина алған медицина мамандарының денсаулық жағдайы жақсы. Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеді», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Өңірде қауіпті вирусқа қарсы вакцинаны арнайы ашылған 24 орында салу жалғасып жатыр. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бес күнде 800-ге жуық медицина қызметкері вакцина алған болатын.