COVID-19: Францияда шектеу шаралары алынып жатыр

dw.com
dw.com
Макрон халыққа үндеуінде COVID-19-бен күресте оң нәтиже бар екенін жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгіннен бастап Францияда біртіндеп шектеу шаралары алынып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президент Эммануэль Макрон халыққа үндеуінде COVID-19-бен күресте оң нәтиже бар екенін жариялады. Десе де қауіпті індетпен күрес әлі аяқталған жоқ. Вирус өршіп тұрған Майотта және Гвианадан басқа өңірлер «жасыл зонаға» енгізіледі. Макронның пікірінше, бұл қаулы қалыпты жұмыс жасауға септігін тигізбек. 

Сондай-ақ, бүгіннен бастап барлық мейрамхана мен тамақтану орындары толыққанды жұмыс режиміне көшеді. Мұндай шешім сәйкесінше елдегі экономиканың қайта жаңғыруына оңтайлы әсер етеді, дейді Франция басшысы. Ал бір аптадан кейін елде мектептер мен бала-бақшалар өз есіктерін ашады. 

Сондықтан Макрон қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды ескертті. Әсіресе, қоғамдық арақашықтықты ұстаудың маңызын ерекше атап өтті. Айта кетейін, әйгілі Эйфел мұнарасы қонақтарды 25 маусымнан бастап қабылдайды. Әзірше көрнекі орынды тек медициналық маскамен тамашалауға болады.

Новости партнеров