«Алматы» арнасы оқушыларға бейнесабақтар ұсына бастады

Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз
Мұндай оқу түрі қызық, әрі балалалар үшін жаңалық
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» арнасы оқушыларға бейнесабақтар ұсына бастады. Жақында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі интернет 2,5 миллион баланың эфирге шығып, қашықтықтан оқуына бейімделмегенін, сол себепті онлайн режимінде сабақ өтпейтінін айтқан болатын. 

Сонымен қатар, министр  телеарнада көрсету үшін  мемлекеттік стандартқа, типтік оқу жоспарына, оқулықтарға, оқу бағдарламасына сай  3360 видеосабақ түсірілгенін де жеткізді. «Алматы» телеарнасы да жоғарғы сынып оқушыларына негізгі пәндерден сағат 09.00–11.00 аралығында бейнесабақтар ұсына бастады. Көрермендеріміз қашықтан оқыту жүйесінде телеарнаның орны ерекше екенін жазуда. Белгілі блогер Мәдина Сарбалаев өзінің фейсбук парақшасында телеарна қашықтан білім алудың ең оңай жолы екенін жазады.

«Телеарналардан сабақтар сайрап тұр. Бұл оқушылардың білім алуына ең оңай жолы болды. Себебі қол жетімділік жағынан барлық отбасына ең тиімдісі деп айтар едім. Сабақтарды тек «Балапан» мен «Еларнада» ғана емес, сондай ақ Almaty.tv телеарнасы да жоғары сыныптың оқу сабағын жүргізуді қолға алыпты. Сағат 09.00 мен 11.00 аралығанда көре аласыздар. Ал оқушылардың жаңа тоқсанына сәтілік. Мұндай оқу түрі қызық, әрі балалалар үшін жаңалық болды деп ойлаймын. Телеарнадан ажырамаңыздар!», – деп жазады блогер.

Новости партнеров