Атырауға шетелден ПТР анықтамасы жоқ қазақстандықтар ұшып келді

26.10.2020 21:00

Халықаралық әуе рейспен барлығы 456 адам жеткізілді

hott.ru

Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің мәліметінше, Атырауға 20 - 25 қазан аралығында шетелден Стамбул-Атырау, Ташкент-Атырау, Амстердам-Атырау бағытында 4 әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық әуе рейспен барлығы 456 адам жеткізілді, деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Әуе рейсімен келген жолаушылардың арасында шетелдіктер жоқ, барлығы - қазақстандықтар. Олардың 37-інде COVID-19 -ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан, карантиндік стационарларға жатқызылған.

Жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынды, қорытындысы теріс мәнді көрсетті. Ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.