Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты
Елордада COVID-19 жұқтырған әйелдер 11 сау сәбиді дүниеге алып келді. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтанда коронавирус індеті басталғаннан бері 2520 адам вирус жұқтырып, 1621 адам немесе 64 пайызы емделіп, емханалардан шығарылды. Жақсы жаңалықтың бірі – COVID-19 жұқтырған аналар 11 сау нәрестені дүниеге әкелді», – деді Сәуле Қисықова.
Ол 3 маусымнан бастап Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес симптоматикалық және асимптоматикалық науқастарға бөлу кезінде медициналық бақылау жүргізу тактикасы өзгергенін еске салды.
«Асқынулардың алдын алу және уақтылы медициналық көмекті ұйымдастыру үшін симптомдары бар науқастарға көбірек көңіл бөлу керек. Аурудың асимптоматикалық ағымы бар адамдар назардан тыс қалмайды. Оларды үй карантині жағдайында аумақтық емханалар бақылап отырады, қанның оттегімен қанығу деңгейін өлшеу үшін импульстік оксиметрлермен қамтамасыз етіледі, күнделікті қоңыраулар жасалады», – деді Қисықова.